Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие қарсыластарын шайқалтады,Көктен күн күркіретіп қарсы шығады.Иеміз жер жүзіне үкім шығарады,Ол өз халқының патшасына күш сыйлайды,Тағайындаған сол басшысын қуаттайды. Содан соң күркіреудің даусы шығады. Құдай керемет зор үнімен күркірейді. Онысы естілгенде Ол найзағайларына шек қоймайды. Жаратқанның даусы сулардың үстінде,Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде. Берген бұйрығыңнан кейін сулар безді,Күркіреген үніңнен олар дереу шегінді, Жаратқан Ие адамдарға Өзінің ғаламат зор үнін естіртіп, лаулаған қаһарымен күш-қуатын көрсетеді. Ол бәрін жалмайтын оттың жалынымен әрі дауыл, нөсер және ірі бұршақ арқылы Өзінің құдіретін танытады.
Выбор основного перевода