Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп:— Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады, — деді. Ханна былай деп сиынды:Жаратқанға шын жүректен шаттанамын,Иемнен мол күш пен абырой алғанмын,Дұшпандарыма жауап қата аламын,Мені құтқарғаныңа қатты қуанамын! Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана. Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен?Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен? Жаратқан тірі! Құздай қорғаушым мақталсын,Құтқарушы Құдайым лайым даңқталсын! Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады,Халықтарға ақиқат шешім шығарады. «Әй, зұлымдар, күлесіңдер жарлының ниетіне,Бірақ қолдап-қорғайды оны Жаратқан Ие!» Халықтар абыржи толқып,Патшалардың тақтары шайқалады,Алла Тағаланың үні естіліп,Бүкіл жер беті балқып жоқ болады. «Тынышталыңдар барлығың енді,Біліңдер Менің Құдай екенімді!Басқа халықтар Мені құрметтейді,Дүние жүзінде Мені қастерлейді». Жейтін олжа іздеп айнала шарлайды,Егер тоймаса түнде ырылдайды. Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан,Құтқарылуым келеді тек қана Одан, — Уа, Жаратқан Ие, Сен күш-қуатымның қайнар көзісің, басыма күн туғанда паналайтын қорғанымсың. Жердің шет-шеттерінен халықтар Саған келіп: «Ата-бабаларымыз өтірікке алданып, түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып келді. Құлы Дәуіттің әулетінен бізгеМықты Құтқарушыны шығарады. «Мен Оған сенімімді арта беремін» және «Міне, Мен және Жаратқан Ие Маған сыйлаған (рухани) балалар мұндамыз!»
Выбор основного перевода