Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұңаяды ішімдегі жан дүние.Мен Иордан жағасындағы елде,Хермон, Мизар тауларының жеріндеАңсап ойлайтын боламын Сені. Ал мен Саған, уа, Жаратқан, Өзіңнің мейірімКөрсететін кезіңде сиынып келем,Құлақ сала көрші маған, уа, Құдайым,Шынында құтқаршы зор рақымыңмен. «Батпақтан» мені тартып шығара көрші,«Тұңғиыққа» батуыма жол бермеші,Жек көретін дұшпандардан құтқаршы,«Терең сулардан» Мені тартып шығаршы. Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі,Теңіз жағасына соққан толқындардан гөріКөктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті! «Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием,Саған сиындым, жауап бердің де Сен.Сонда тұңғиықтың терең түкпіріненКөмек сұрап саған жалбарынған ем,Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен.
Выбор основного перевода