Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иеден ақыл сұрады. Бірақ Жаратқан Ие оған не түсіндегі аяны, не қасиетті жеребе, не пайғамбарлар арқылы жауап бермеді. «Құдайын ұмытқандар, ұғыңдар бұл жайды:Жазалап, паршаласам, ешкім құтқармайды. Сонда естімеймін мұндайлар шақырғанмен,Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен, Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Кейін осы арамзалар Жаратқан Иеге жалбарына үн қататын болады, бірақ Ол жауап бермейді. Сол кезде Жаратқан Ие олардың істеген көптеген зұлымдықтарына бола солардан бет-жүзін жасырады.
Выбор основного перевода