Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам,Мені құтқарады зорлық-зомбылықтан! Өзіңе үміт артқандар шаттансын,Лайым қуана мадақтап ән салсын.Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын,Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың. «Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді,Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, —Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді». Жаратқанға шын көңілден сенім артамыз,Ол — қолдаушымыз, қалқандай қорғаушымыз. Маған мейірім танытатын Құдайымсың,О, Құдай, алдымнан жүріп күш бересің,Жауларымның жеңілісін көрсетесің. Құдайдың барлық сөздері пәк таза,Ол қалқандай Өзін паналайтындарға. Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!
Выбор основного перевода