Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуітті сондай жақсы көріп қалған Жонатан онымен серттесіп дос болып, Жаратқан Иенің алдында сертпен бекіткен достығымызды есіңе алып, алдыңдағы қызметшіңе әрдайым мейірімділік көрсете гөр. Егер қандай да кінәм болса, мені әкеңе ұстап бермей-ақ, өзің өлтіре сал! Егер өліп қалсам, отбасыма жасайтын қамқорлығыңды доғарма. Жаратқан Ие Дәуіттің жер бетіндегі барлық жауларының бірде-біреуін қалдырмай құртқан кезде де солай істей бер! — Сонымен Жонатан Дәуіттің әулетімен келісім жасап: — Жаратқан Ие Дәуіттің жауларын жауапқа тартып, жазаласын! — деп, Екеуі Жаратқан Иенің алдында достықтарын тағы да сертпен бекітті. Содан соң Жонатан үйіне кетіп, Дәуіт ну орманда қала берді. Ал Саулдың тұңғыш ұлы Жонатанның Мепібосет есімді бір ұлы ғана бар еді. Ол екі аяғынан майып мүгедек болатын. Себебі Саул мен Жонатанның қаза болғандары туралы суық хабар Ізрелден жеткенде, бағушы әйел бес жастағы Мепібосетті көтеріп алып, қаша жөнелді. Әйел асығыс жүгіргенде, бала құлап түсіп, содан ақсақ болып қалған еді. Дәуіт:— Қорықпа! Әкең Жонатан үшін мен саған ұдайы мейірім көрсететін боламын. Атаң Саулдың мал-мүлкін саған қайтарамын. Сен әрдайым менің дастарқанымнан тамақ жейтін боласың, — деді. Сен өзің, ұлдарың және қызметшілерің оның жерін өңдеп, қожайындарыңның кірісі болсын деп өнімін жинап отырыңдар! Бірақ иелеріңнің немересі Мепібосеттің өзі тамағын менің дастарқанымнан ішіп-жейтін болады, — деп бұйырды. Сибаның он бес ұлы мен жиырма қызметшісі бар болатын.
Выбор основного перевода