Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
оны түні бойы ағашта қалдырмай, сол күні жерлеңдер. Себебі ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады. Осылайша Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге табыстап отырған елді арамданып кетуден сақтаңдар! — Кәне, маған жақындап көрші! Етіңді жыртқыш құс пен аңға жемтік қылып берейін! — деп шақырды. Бүгін Жаратқан Ие сені қолыма түсіреді. Сені өлтіріп, басыңды шауып тастаймын, әрі філістір әскерінің өліктерін жыртқыш құс пен аңға жемтік қылып беремін. Сонда бүкіл әлем Исраилде (шынайы) Құдайдың бар екенін білетін болады! Дәуіт Ахимәліктен:— Сізден бір сүңгі не семсер табылмас па екен? Патшаның тапсырмасы өте жедел, сондықтан семсерімді, басқа да қаруымды алып жатуға уақытым болмады! — деп өтінді.
Выбор основного перевода