Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біраз уақыт өткеннен кейін Гәзердің маңында філістірлермен соғыс бұрқ ете қалды. Бір шайқаста хушалық Сипхай (есімді исраилдік батыр) алып Рафаның ұрпақтарының біреуі — Сафты жеңіп, көзін құртты. Содан філістірлер тізе бүкті. Філістірлермен болған басқа бір шайқаста Жайыр ұлы Елханан ғаттық алып Ғолияттың бауыры Лахмиды өлтірді. Соның сүңгісінің сабы бақандай жуан болатын. Тағы басқа бір шайқас Ғат қаласының түбінде болды. Оған да өте ұзын бойлы бір адам қатысты. Соның аяқ-қолдарында алты-алтыдан, он екі саусағы мен он екі башайы бар еді. Ол да алып Рафаның ұрпағы болатын. Әлгі алып Исраилге тіл тигізіп оны қорлағанда, Дәуіттің ағасы Шаммахтың ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады. Осылар алып Рафаның Ғаттағы ұрпақтары болатын. Олар Дәуіт пен оның жасақшыларының қолынан мерт болды. хушалық Сипхай, ахоахтық Илай, Зарах әулетінен шыққан хушалық Сипхай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, сегізінші айда қызмет ететін сегізінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
Выбор основного перевода