Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
жиналып бірауыздан Ешуа мен Исраилге қарсы бірігіп соғысуға ұйғарды. Алайда Гибеон қаласының тұрғындары Ешуаның Иерихон мен Ай қалаларына не істегені туралы естігенде, қулыққа басты. Олар Ешуаға елшілерін жіберіп, солардың есектеріне алба-жұлба қаптар мен тозып, жамалған шарап местерін артты. Адамдар аяқтарына тозған, жамау-жамау аяқкиім, үстеріне тозығы жеткен ескі киім киді. Азық-түлігі қатып, көгеріп кеткен нан болды. Гибеондық елшілер исраилдіктердің Ғылғал маңындағы қонысына келіп, Ешуаға және басқа исраилдіктерге:— Біз бір алыстағы елден келіп отырмыз. Бізбен келісім жасасаңыздар екен, — деді. Ал исраилдіктер сол хевтіктерге:— Қалайша сіздермен келісім жасай аламыз? Мүмкін, бізге жақын осы маңда тұратын шығарсыздар? — деп күдіктенді. Олар Ешуаға:— Сіздің құлдарыңыз боламыз, — деп жауап берді. Ешуа олардан:— Өздеріңіз кімсіздер? Қайдан келіп отырсыздар? — деп сұрады. Олар жауап қайтарып былай деді:— Алдыңыздағы құлдарыңыз өте қашықтағы бір елден Құдайыңыз Жаратқан Иенің ұлы атақ-даңқына бола келіп отыр. Өйткені біз Оның Мысыр елінде істеген барлық ғажап істері жайлы, әрі Иорданның шығыс жағындағы аморлықтардың екі патшасына істегендерінің бәрі: Хешебон патшасы Сихонды да, Аштаротта тұрған Башан патшасы Огты да қалай жеңгені туралы нақты естідік. Содан еліміздің рубасылары мен барлық тұрғындары бізге мына тапсырманы берді: Жолға азық-түлік сайлап алып, сапарға шығып, сол халықпен кездесіңдер! Олардан: «Сіздердің құлдарыңыз боламыз. Бізбен келісім жасасаңыздар екен!» деп өтініңдер. Міне, нанымыз. Осы жаққа қарай жолға шыққан кезде ол әлі суып үлгірмеген, жылы болатын, ал енді көріп отырсыздар, қатып, көгеріп кетіпті. Біз мына шарап құятын местерімізді толтырған кезде олар әлі жап-жаңа еді, ал енді, міне, жыртылайын деп тұр. Киім-кешегіміз бен аяқкиіміміз де ұзақ жолдан тозып кетті! Исраилдіктер олардың жол азықтарынан алып көрді, алайда Жаратқан Иенің еркін сұрамады. Содан Ешуа гибеондықтармен бейбітшілік келісімін жасап, оларды аман қалдыруға уәде беріп, қауымның жетекшілері де соны антпен бекітті. Бірақ келісім жасағаннан үш күн өткеннен кейін исраилдіктер бұл адамдардың өздеріне жақын тұрып жатқан көршілері екенін біліп алды. Исраилдіктер дереу жолға шығып, үшінші күні олардың қалаларына: Гибеон, Кефира, Бегерот және Кирият-Иғарымға жетті.
Выбор основного перевода