12
Содан Дәуіт барып, Ғилақадтағы Ябес қаласының адамдарынан Саул мен оның тұңғышы Жонатанның сүйектерін сұрап алды. Себебі Саулды Гелбуеде өлтірген күні філістірлер оның денесін Бет-Шанға апарып, қала алаңында іліп қойған болатын. Бірақ Ғилақадтағы Ябестің адамдары екеуінің мәйіттерін ілулі тұрған жерінен жасырын түрде шешіп алып, қалаларына әкелген еді.