Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Дәуіт жасағын үш топқа бөлді. Бірінші топқа — Сарұя ұлы Жоғабты, екінші топқа — оның інісі Әбішайды, үшінші топқа — ғаттық Іттайды қолбасшы етіп тағайындады. Патша жасақшыларына:— Мен де сөзсіз сендермен бірге аттанамын! — деді. Бірақ олар:— Тақсыр, бармай-ақ қойыңыз. Біз қашсақ та, олар бізге онша көңіл аудармас. Жартымыз қырылып қалсақ та, оларға бұл бәрібір. Ал сіздің өміріңіз біз сияқты он мың адамның өміріне тұрады. Сондықтан сіздің қала ішінде қалып, сол жақтан бізге көмектескеніңіз дұрыс болар, — деп жауап берді. Ал қызметшім Дәуіттің әулетінің ұдайы Менің көз алдымда Иерусалимде патшалық құрып шам-шырақ іспетті сәуле шашулары үшін, Сүлейменнің ұлының билігіне бір руды тапсырамын. Өйткені Иерусалим — есімімді орнату үшін Өзім таңдап алған қалам. Алайда Құдай Ие Өзінің сенімді қызметшісі Дәуітке бола Дәуіттің әулетінің Иерусалимде патшалық құра беруіне мүмкіндік берді. Сол үшін Жаратқан Ие Абияхқа өзінен кейін патша болатын ұл сыйлап, Иерусалимді нығайтты. Сонда да Жаратқан Ие Өзінің адал қызметшісі Дәуітке бола Яһуда елін жоюды қаламады. Ол Дәуітке және оның келешек ұрпақтарына ұдайы (патшалық құрып) шам-шырақ іспетті нұр шашуға мүмкіндік беру жайлы уәде еткен болатын. Мұнда Дәуіттің күшті ұрпағын шығарамын,Бұл патшамның өмір шырағын жандырамын,
Выбор основного перевода