Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Абессалом таңертең ерте тұрып алып, қала қақпасына апаратын жолда тұратын еді. Өзінің бір ісімен патшаның сотына жүгінуге біреу бара жатса, Абессалом оны шақырып алып: «Қай қаладансың?» — деп сұрайтын. Сол адам өзінің Исраилдің қай руынан екенін айтқанда, Дәуіт:— Мейлі, сендер нені дұрыс деп білсеңдер, соны істейін, — деп келісті. Мыңбасылары мен жүзбасылары оның жасағын өз ретімен қаладан шығарып алып бара жатқанда, Дәуіт қақпаның маңында тұрды. Дәуіт осы кезде қала қамалының сыртқы және ішкі қақпаларының арасында отырған еді. Бір шолғыншы қақпаның төбесіне шығып, сыртқа қарағанда, жүгіріп келе жатқан бір адамды көрді. Патша қатты қобалжып, қақпаның үстіндегі бөлмеге барып, көз жасын төкті. Кетіп бара жатып: «Беу, сорлы ұлым Абессалом-ай! Сорлы ұлым-ай! Ұлым Абессалом-ай! Неге ғана сенің орныңда мен өлмедім екен! Абессалом, ұлым-ай, беу, беу, ұлым-ай!» — деп жоқтаумен болды.
Выбор основного перевода