Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Құдайды қорлама! Халқыңның басшысына балағат сөз айтпа! Шимей қарғыс жаудырып былай деді:— Кет, шық елден! Әй, қанішер, жексұрын! Сен Саулдың орнына патша болып алғаннан кейін оның әулетінің қанын төктің. Сол үшін Жаратқан Ие сені жазалап отыр! Патшалықты ұлың Абессаломның қолына Жаратқан Ие алып берді. Сен кісі өлтірген қанішерсің, сондықтан да осы пәле басыңа түсіп отыр! Сонда Сарұяның ұлы Әбішай патшаға:— Мына иттің өлімтігі неге патша иемді қарғап балағаттауда?! Мен қазір-ақ барып, басын шауып тастайын! — деді. Пауыл былай деп жауап берді:— Бауырластар, оның бас діни қызметкер екенін білмедім! «Халқыңның басшысына балағат сөз айтпа!» деп (Тауратта) жазылған ғой.
Выбор основного перевода