Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт:— Қорықпа! Әкең Жонатан үшін мен саған ұдайы мейірім көрсететін боламын. Атаң Саулдың мал-мүлкін саған қайтарамын. Сен әрдайым менің дастарқанымнан тамақ жейтін боласың, — деді. Сен өзің, ұлдарың және қызметшілерің оның жерін өңдеп, қожайындарыңның кірісі болсын деп өнімін жинап отырыңдар! Бірақ иелеріңнің немересі Мепібосеттің өзі тамағын менің дастарқанымнан ішіп-жейтін болады, — деп бұйырды. Сибаның он бес ұлы мен жиырма қызметшісі бар болатын. ал екі аяғы майып Мепібосеттің өзі Иерусалимде тұрып, патшаның дастарқанынан тамақтанып жүрді. Одан тараған ұрпақтардан жеті ер адам қолымызға тапсырылсын. Біз оларды Жаратқан Иенің алдында, Оның Гибеондағы тауында асып өлтірейік, — деді. Патша оларға:— Мен соларды қолдарыңа тапсырамын! — деп сөз берді. Бірақ патша Жонатанның ұлы, Саулдың немересі Мепібосеттің өмірін сақтап қалды. Себебі Дәуіт және Саул ұлы Жонатан кезінде Жаратқан Иенің алдында бір-біріне ант беріскен болатын. Ал Саулдың Аях қызы Риспадан туған екі ұлы Армон мен Мепібосет, әрі Саулдың қызы Мераб пен мехолалық Барзилай ұлы Әдіриелдің бес ұлы бар болатын. Дәуіт патша оларды алдыртып, гибеондықтардың қолына тапсырды. Гибеондықтар бұларды тау басында Жаратқан Иенің алдында асып қойды. Сол жерде олардың жетеуі бірдей қазаға ұшырады. Бұл егін орағының алғашқы күндері, арпа жинау науқаны жаңа басталған кез болатын.
Выбор основного перевода