Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Абессалом Жоғабтың орнына Амасаны әскер қолбасшысы етіп тағайындаған болатын. Амасаның шешесі Әбигел Нахаштың қызы және Жоғабтың шешесі Сарұяның сіңлісі еді. Амасаның әкесі Етер есімді ізрелдік болатын. Сонда Жоғаб патшаның үйіне барып, оған былай деді:— Бүгін сіз өзіңіздің өміріңізді де, ұл-қыздарыңыздың, әйел-кәнизактарыңыздың өмірін де аман сақтап қалған жауынгерлеріңізді қара бет қылдыңыз. Сіз өзіңізді жек көретіндерді сүйіп, өзіңізді сүйетіндерді жек көресіз! Бүгін сіз қолбасшылар мен жауынгерлеріңізді өзіңіз үшін түкке тұрғысыз екенін айқын көрсеттіңіз. Егер Абессалом тірі қалып, біздің бәріміз қырылып қалған болсақ, сіз соған риза болар едіңіз! Мен бүгін осыны ұқтым. Ал енді, сыртқа шығып, қызметшілеріңізге жылы сөйлеп, жігерлендіріңіз! Жаратқан Иенің алдында ант етемін: егер шықпайтын болсаңыз, бүгін кешке дейін сіздің жағыңызда бірде-бір адам қалмайды! Бұл сіз үшін жастық шағыңыздан бері осы кезге шейін басыңызға түскен апаттардың барлығынан да зор болмақ! «Мен халқымды Мысырдан құтқарып, бастап алып шыққан күннен бері өз есімімнің орнығуы үшін киелі үй салынсын деп Исраилдің ешбір руындағы бірде-бір қаланы таңдамадым. Ал халқымды басқаруға Дәуітті таңдап алдым!» — Сонда Езабел Ілиясқа хабаршысын жіберіп мынаны айтқызды: «Егер мен ертең осы кезге дейін сенің күллі пайғамбарларға істегеніңді өз басыңа істемесем, мені тәңірлер жазалаған үстіне жазалай берсін!»
Выбор основного перевода