Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда патша:— Ендеше Мепібосеттің меншігінің бәрі сенікі болсын! — деді. Сиба:— Алдыңызда бас иіп құлдық етемін, уа, патша ием. Лайым мейіріміңізге ие болсам екен, — деп алғысын білдірді. Дәуіт Маханайымға жеткенде, аммондықтардың Рабба қаласынан Нахаш ұлы Шоби, Лодыбардан Әмиел ұлы Махыр, Рогелимнен ғилақадтық Барзилай келді. Олар: «Елсіз далада жүргенде осы адамдар ашығып, шаршап-шалдығып, шөлдеп қалды ғой!» — деп ойлап, көрпе-көпшік пен ыдыс-аяқ әкелді. Олар, сондай-ақ, Дәуіт пен оның қасындағыларға ішіп-жеуге бидай, арпа, ұн, қуырылған дәнді дақылдар, бұршақ, жасымық, бал, айран, қой-ешкілер және сиыр сүтінен жасалған ірімшік алып келді. Ал ғилақадтық Барзилайдың ұлдарына мейірім көрсетіп, оларды өз дастарқаныңнан тамақтанатындардың қатарына қос. Ағаң Абессаломнан бас сауғалап қашқанымда солар менің алдымнан шығып, қолдау көрсеткен болатын.
Выбор основного перевода