Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен сол күні Құдайдан ол үшін бірінші рет ақыл сұрадым дейсіз бе? Жоқ, осыдан бұрын да солай істейтін едім ғой. Уа, патша ағзам, соған бола мені де, әкемнің әулетін де кінәлай көрмеңіз. Болған істің бәрінен мүлдем бейхабармын! — деп жауап берді. Сондықтан, уа, тақсыр ием, патшаның барлық ұлдары өлді деген хабардан жүрегіңіз қобалжымасын! Себебі өлген жалғыз Амнон ғана». Дәуіт патша Бахуримге таяп қалғанда, сол елді мекеннен Саулдың әулетіне жататын біреу шықты. Гера ұлы Шимей есімді сол адам патшаны қарғап-сілеп келе жатты. Шимей Дәуіт пен оның нөкерлеріне, екі жағынан да еріп келе жатқан адамдарына және мықты жауынгерлеріне тас лақтыра берді. Шимей қарғыс жаудырып былай деді:— Кет, шық елден! Әй, қанішер, жексұрын! Сен Саулдың орнына патша болып алғаннан кейін оның әулетінің қанын төктің. Сол үшін Жаратқан Ие сені жазалап отыр! Патшалықты ұлың Абессаломның қолына Жаратқан Ие алып берді. Сен кісі өлтірген қанішерсің, сондықтан да осы пәле басыңа түсіп отыр! Сонда Сарұяның ұлы Әбішай патшаға:— Мына иттің өлімтігі неге патша иемді қарғап балағаттауда?! Мен қазір-ақ барып, басын шауып тастайын! — деді. Бірақ патша оған былай деп тыйым салды:— Жоқ! Сарұяның ұлдары, мұны маған не үшін айтасыңдар? Жаратқан Иенің Өзі «Дәуітті қарға!» деп айтқандықтан ол мені қарғаса, онда Шимейге ешкім де: «Қой, неге бұлай істейсің?» деп айта алмайды. — Дәуіт Әбішай мен барлық қызметкерлеріне мынаны қоса айтты: — Тіпті өзімнің туған ұлым жанымды алмақшы! Ендеше мына буняминдіктің мені қарғауына одан да көп себебі бар. Жаратқан Ие оған солай айтқандықтан, бұл кісіге тиіспеңдер! Мейлі, қарғай берсін! Мүмкін, Жаратқан Ие менің көріп жатқан жәбіріме назар аударып, бүгін естіген қарғыстарымның орнына жақсылық сыйлар! Осылай Дәуіт пен оның адамдары сапарларын жалғастыра берді. Ал Шимей сайдың ар жақтағы беткейімен жол бойы қарғап, тас лақтырып, шаңды бұрқырата шашып, олардың арттарынан қалмай жүріп отырды. Дәуіттің өлген ұлын жоқтап жатқанын естігенде, оның бүкіл жасағы үшін сол жеңіс күні қаралы күнге айналды.
Выбор основного перевода