Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әбумәліктің өзінің жетпіс аға-інісін өлтіріп әкесіне қарсы жасаған сұмдық ісінің есесін Құдай осылайша қайтарды. Құдай Сихемнің адамдарына да сұмдық істеріне бола жазаларын тартқызып, Еруб-Бағал ұлы Жотамның қарғысы олардың бастарына түсті. Бұдан кейін Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулетінің арасында ұзаққа созылған соғыс болды. Дәуіттің күші барған сайын арта түсіп, ал Саулдың әулеті әлсірей берді. Дәуіт патшаның заманында елді үш жыл бойы ашаршылық жайлады. Дәуіт Жаратқан Иеге сиынып соның себебін сұрады. Сонда Жаратқан Ие оған былай деп жауап берді: «Саулдың өзі мен әулетінің мойнында гибеондықтардың төгілген қаны бар. Себебі Саул гибеондықтардың көздерін құртқан болатын. Осы ашаршылық соның кесірінен». Патша гибеондықтарды шақырып алып, олармен сөйлесті. Гибеондықтар исраилдіктерге жатпайтын аморлықтардан қалған халық болатын. Ежелде исраилдіктер оларды құртпауға ант берген болса да, Саул Исраил мен Яһуданың халқы үшін жан сала күресіп оларды толығымен құртып жіберуге тырысқан еді. Дәуіт гибеондықтарға:— Мен сендер үшін не істейін? Сендер Жаратқан Иенің меншікті еліне ақ бата берулерің үшін мен қалайша сол күнәнің құнын өтей аламын? — деген сауал қойды. Гибеондықтар оған:— Саулдың әулетінен не күміс, не алтын талап етпейміз. Ал Исраилде біреуді өлтіруге еш құқымыз да жоқ! — деді. Осыны естіп, Дәуіт олардан:— Онда өздерің үшін менің не істегенімді қалайсыңдар? — деп сұрады. Олар патшаға:— Сол адам бізді толығымен құртып жіберуге тырысып, бүкіл Исраилде бізге бір табан жер де қалдырмауды көздеген еді. Одан тараған ұрпақтардан жеті ер адам қолымызға тапсырылсын. Біз оларды Жаратқан Иенің алдында, Оның Гибеондағы тауында асып өлтірейік, — деді. Патша оларға:— Мен соларды қолдарыңа тапсырамын! — деп сөз берді. Бірақ патша Жонатанның ұлы, Саулдың немересі Мепібосеттің өмірін сақтап қалды. Себебі Дәуіт және Саул ұлы Жонатан кезінде Жаратқан Иенің алдында бір-біріне ант беріскен болатын. Ал Саулдың Аях қызы Риспадан туған екі ұлы Армон мен Мепібосет, әрі Саулдың қызы Мераб пен мехолалық Барзилай ұлы Әдіриелдің бес ұлы бар болатын. Дәуіт патша оларды алдыртып, гибеондықтардың қолына тапсырды. Гибеондықтар бұларды тау басында Жаратқан Иенің алдында асып қойды. Сол жерде олардың жетеуі бірдей қазаға ұшырады. Бұл егін орағының алғашқы күндері, арпа жинау науқаны жаңа басталған кез болатын. Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді. Олардың төгілген қаны мәңгі бақи Жоғабтың және оның үрім-бұтағының мойындарында болсын! Ал Дәуіттің өзіне, оның үрім-бұтағына, әулетіне және патшалық тағына Жаратқан Ие мәңгілік амандық пен тыныштық сыйласын!»
Выбор основного перевода