Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Самуил халыққа:— Жаратқан Иенің таңдаған адамын көріп тұрсыңдар ма? Халық арасында оған сай келетін ешкім жоқ! — деді. Сонда күллі халық:— Патша жасасын! — деп ұрандап айқай салды. Дәуіттің досы әрі жеке кеңесшісі Хушай қалаға Абессалом енді ғана Иерусалимге кірейін деп жатқан кезде жетті. Өйткені Адониях бүгін қала сыртында мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Ол күллі патшазадалар мен қолбасшыларды және діни қызметкер Абиятарды шақырды. Олардың барлығы оның қасында ішіп-жеп, «Адониях патша жасасын!» деп құттықтауда. Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды. Содан соң Еходай патшазада Жоғасты сыртқа алып шығып, басына тәж кигізіп, қолына Келісімнің айғағын ұстатты. Діни қызметкерлер Жоғасқа май жағу рәсімін орындап, оны патша етіп жариялады. Барлығы қолдарын шапалақтап, «Патша жасасын!» — деп ұрандап айқай салды.
Выбор основного перевода