Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күйеуі көз жасын төгіп зар жылап Бахуримге дейін артынан қалмай еріп келді. Сол жерде Әбенир оған кездесіп: «Үйіңе қайт!» — деп бұйырды. Сонда ғана ол үйіне қайта оралды. Сол екі арада Әбенир Солтүстік Исраилдің рубасыларына мынадай сәлем жіберді: «Біраз уақыттан бері сіздер Дәуіттің өздеріңе патша болғанын қалап келесіздер. Ал енді, соны жүзеге асырыңыздар. Жаратқан Ие: «Мен қызметшім Дәуіт арқылы Өзімнің халқым Исраилді філістірлердің және басқа да жауларының қолынан құтқарамын!» деп Дәуітке уәде етті емес пе!» Бахуримнен шыққан буняминдік Гера ұлы Шимей де асығып, яһудалықтардың арасында Дәуіт патшаны қарсы алуға ылдилап сол жерге барды. Оның жанында Бунямин руының тағы бір мың адамы, солардың ішінде Саул әулетінің қызметшісі Сиба мен оның он бес ұлы әрі жиырма қызметшісі де болды. Олар патшаны қарсы алу үшін тездетіп Иорданға барды. Келгендер патшаның отбасын өзеннен өткізіп, оның барлық қалауын орындау үшін өзенді өткелмен кесіп өтті.Гера ұлы Шимей Иорданнан өтіп болысымен патшаның алдына жығыла кетіп, оған жалбарынып былай деді:— Тақсыр ием менің күнәмді мойныма арта көрмесін! Патша ием Иерусалимнен кетіп бара жатқан күні қызметшісінің жасаған жамандығын есіне ала көрмесін! Патшам мұны есіне сақтап жүрмесінші! Алдыңыздағы пендеңіз күнәға батқанын біліп отыр. Бірақ өзіңіз көріп отырсыз, Жүсіптің үрім-бұтағы жетекшілік еткен бүкіл Исраил руларынан патша иемді қарсы алуға бірінші болып мен келіп отырмын. Сонда Сарұя ұлы Әбішай:— Шимейдің көзін құртқан жөн емес пе? Ол Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын балағаттап қарғады ғой — деді. Бірақ Дәуіт оған мынадай жауап берді:— Сарұяның ұлдары, маған оны не үшін айтасыңдар? Бүгін сендер менің еркіме қарсы шығып отырсыңдар! Бұл Исраилде адам өлтіретін күн емес! Себебі бүгін Исраилдің патшасы болуға қайтадан бекітілдім, соған көзім жетті. — Патша Шимейге:— Сені өлімге бұйырмаймын! — деп ант берді. Бахуримнен шыққан буняминдік Гера ұлы Шимейдің өзіңе жақын тұратынын ұмытпа! Мен Маханайымға бара жатқанымда, ол маған қарғыс айтып, нәлет жаудырды. Бірақ кейін ол Иорданның жағасында қарсылап алдымнан шыққанда, мен оған «Сені өлтірмеймін!» деп ант бердім. Мұнан кейін патша буняминдік Шимейді шақырып алып, оған былай деп бұйрық берді:— Өзіңе Иерусалимде үй салып ал. Соған қоныстан да, қаладан ешқайда шығушы болма! Біліп қой, қаладан шығып, Қидрон сайын кесіп өтетін болсаң, сен міндетті түрде өлесің. Сонда төгілген қаның өз мойныңда болады. — Шимей патшаға:— Айтқаныңыз дұрыс. Патша ием не десе, алдыңыздағы құлыңыз соны орындайды! — деп жауап берді. — Сөйтіп Шимей Иерусалимде тұрып жатты. Алайда үшінші жылдың соңына қарай Шимейдің құлдарының екеуі Ғат патшасы Маха ұлы Анхұсқа қашып кетті. Құлдарының Ғатта екендігі туралы Шимей де естіді. Сонда ол есегін ерттеп, Ғаттағы Анхұс патшаға барып, құлдарын іздеп тауып, қайтарып алып келді. Шимейдің Ғатқа барып-қайтқандығы туралы Сүлеймен біліп қойды. Содан патша Шимейді шақырып алды да, оған былай деді: «Мен саған Жаратқан Иенің атынан ант еткізіп, «Қаладан шығып, басқа жаққа барған күні міндетті түрде өлесің» деп ескертпеп пе едім!? Сонда сен: «Айтқаныңыз дұрыс, құлдық!» деп келіскен едің. Ал енді, Жаратқан Иеге берген сол сертіңді және менің өзіңе тапсырған бұйрығымды неге бұздың? — Содан патша Шимейге тағы мынаны айтты: — Әкем Дәуіт марқұмға жасаған барлық зұлымдықтарыңды өзің де білесің. Жаратқан Ие енді соларды өз басыңа үйіріп отыр. Ал Сүлеймен патша жарылқанып, Дәуіттің патшалық тағы Жаратқан Иенің алдында мәңгілікке орнығатын болады!» Содан патша Еходай ұлы Бенаяхқа бұйрық беріп, ол Шимейді сыртқа шығарып, шауып өлтірді.Сонымен Сүлейменнің патшалық билігі берік орнады.
Выбор основного перевода