Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан Дәуіт Саулдың қызметшісі Сибаны қасына шақыртып:— Саул мен оның әулетіне тиісті мал-мүлікті иеңнің немересінің қолына тапсырдым. Сен өзің, ұлдарың және қызметшілерің оның жерін өңдеп, қожайындарыңның кірісі болсын деп өнімін жинап отырыңдар! Бірақ иелеріңнің немересі Мепібосеттің өзі тамағын менің дастарқанымнан ішіп-жейтін болады, — деп бұйырды. Сибаның он бес ұлы мен жиырма қызметшісі бар болатын. Ол былай деп жауап берді:— Уа, патша ием, қызметшім Сиба мені алдап кетті. Мен оған: «Есегімді ерттетіп алып, соған мініп, патшаға еріп жүрейін!» деп тапсырған едім. Мен ақсақпын ғой. Бірақ қызметшім мені патша иеме жамандап барыпты. Ал тақсыр ием Құдайдың періштесіндей дана. Нені дұрыс деп тапсаңыз, соны істей көріңіз.
Выбор основного перевода