Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сарұяның Жоғаб, Әбішай және Асахил есімді үш ұлы да сол жерде болды. Олардың ішінде Асахил даланың ақбөкеніндей желаяқ болатын. Бірақ Дәуіт оған мынадай жауап берді:— Сарұяның ұлдары, маған оны не үшін айтасыңдар? Бүгін сендер менің еркіме қарсы шығып отырсыңдар! Бұл Исраилде адам өлтіретін күн емес! Себебі бүгін Исраилдің патшасы болуға қайтадан бекітілдім, соған көзім жетті. — Мұның үстіне мені осы жерді талқандауға Жаратқан Иенің еркінсіз келді дейсіңдер ме? Маған: «Сол елге өрлеп барып, оны құртып жібер!» деген — Жаратқан Иенің Өзі! Егер Ол бір нәрсені күштеп тартып алса, Оны кім тоқтата алады? Кім Оған: «Не істеп отырсың?» деп айта алар еді? Жаратқан Ие солай болсын демесе,Адам қолынан мұндай нәрсе келе ме? Ауыртпалық пен амандық екеуі деЖаратқан Иенің айтуымен келмей ме? Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды. Ей, пенде, Құдайға қарсы сөйлейтіндей сен кімсің?! Жаратылған нәрсе өзін жаратқанға: «Неге мені осылай жараттың?» деп айта ма?
Выбор основного перевода