Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда барлық халық: «Саул філістірлердің қарауыл тобына шабуыл жасап, енді олар Исраилге өшігіп отыр!» — дегенді естіп, ер адамдар Саулға қосылу үшін Ғылғалға жиналды. Сондықтан мықты да батыл бола беріңіздер! Тақсыр иелеріңіз Саул көз жұмды. Ал Яһуда руы мені өздерінің патшасы етіп тағайындады». Патша өзінің бүкіл үй ішімен жолға шығып, тек сарайды қадағалауға он кәнизагын қалдырып кетті. Дәуіт өзінің Иерусалимдегі сарайына қайтып келгенде, сарайын күтуге қалдырып кеткен он кәнизагын арнайы үйде күзеттіріп қойды. Оларды барлық керек-жарақтарымен қамтамасыз етіп тұрды, бірақ енді қайтып олармен жақындасқан жоқ. Осылайша олар жесір іспетті өмір сүріп, өле-өлгенше қамауда қалды.
Выбор основного перевода