Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді барып, амалектіктерді шап! Олардағылардың бәрін (Маған бағыштап) түгелімен қырып-жой! Еш аямастан еркектері мен әйелдерін, балалары мен нәрестелерін, ірі қара мен ұсақ малдарын, түйелері мен есектерін құрт!» Саул:— Олар Амалектен әкелінгендер. Жасақшылар ұсақ малдар мен мүйізді ірі қаралардың ең қоңдыларын аяп, Құдайыңыз Жаратқан Иеге құрбандыққа шалу үшін сақтап қалыпты. Ал басқаларын біз жойып жібердік, — деп жауап қайырды. Ал жасағым болса, олар қолға түскен олжаның түгел жойылып кетуге белгіленіп қойылған ұсақ малдары мен мүйізді ірі қараларының ең жақсыларын осы Ғылғалда Құдайыңыз Жаратқан Иеге құрбандыққа шалуға алып келді, — деп қарсылық білдірді. Сен Құдайдың айтқанына құлақ аспай, Оның Амалекке шығарған қаһарлы үкімін орындамай кеткендіктен, Жаратқан Ие бүгін саған осыны істеп отыр. Дәуіт адамдарымен үшінші күні Сикеләгке жетті. Ал амалектіктер Яһуда жерінің оңтүстігіне және Сикеләгке жорыққа аттанып, осы қалаға шабуыл жасап, өртеп жіберген еді.
Выбор основного перевода