Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай өтірік айтатын пенде емес,Ойын өзгерте беретін адам да емес.Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма? Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!Меншігің — көк пен жердегілер барлық!Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалықӘрі баршаға деген басшылық! Бұны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын. Менің әрекет ететін уақытым жетті. Алған бетімнен еш қайтпаймын да, өзіңді еш аяп-мүсіркемеймін де. Жүрген жолдарың мен істеген істеріңе сәйкес саған үкім шығарылады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. Себебі Құдай уәде беріп, таңдап алғандығынан таймайды. Егер қиыншылықтарға төзе берсек,Онымен бірге патшалық ететін де боламыз.Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ,Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ. Біз айтқанымызға адал болмасақ,Ол айтқанына адал болып қала береді,Өз болмысымен келіспейтінді Ол істемейді». Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық.
Выбор основного перевода