Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда ешкімнің де өзінің антпен Жаратқан Иеге бағыштаған меншікті нәрсесін сатып жіберуіне немесе құнын төлеп қайтарып алуына болмайды. Ол не адамы, не малы, не мұралық жері болсын, бәрібір антпен Жаратқан Иеге бағышталғанның бәрі де ерекше киелі. Жаратқан Иенің бұйрығына сай түгелдей жойылуға белгіленген ешбір кісіні төлемін төлеу арқылы содан босатуға болмайды. Ондай адам өлтірілсін. Бірақ Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге беріп отырған елдегі халықтардың қалаларында ешбір жан иесін тірі қалдырмаңдар! Керісінше, Құдай Ие сендерге әмір бергендей, хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді түгелдей құртуға тиіссіңдер. Әйтпесе, олар өз жалған тәңірлеріне табынатын кезде істейтін жексұрын істерінің бәрін сендерге де үйретеді. Сонда өз Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы күнә жасайсыңдар. Байқаңдар, Жаратқан Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерден сақтаныңдар! Олардың ешқайсысын алып, иемденіп жүрмеңдер! Әйтпесе соның кесірі өздеріңе тиіп, Исраилдің бүкіл қонысы да Жаратқан Иенің қарғысына ұшырайтын болады. Осылайша оған пәле әкелесіңдер. Ал Ешуа елді барлап келген екі адамға: «(Бұрынғы) жеңіл жүрісті әйелдің үйіне барып, өздеріңнің антпен берген уәделеріңе сай, өзін және қасындағыларының бәрін сол жерден шығарып алып келіңдер!» — деп жіберген болатын. Сондай-ақ діни қызметкерлердің қаласы Нобтың барлық тұрғындарын да, еркек болсын, әйел болсын, бала болсын, нәресте болсын, ірі қара, есек немесе ұсақ мал болсын, бәрін де семсерімен шауып өлтірді.
Выбор основного перевода