Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Жаратқан Ие мадақталсын, Ол сендерді перғауынның қолынан құтқарған, өз халқын Мысырдың қаналуынан босатқан! Сол үшін де сөздеріме құлақ сал, саған ақыл-кеңес берейін, Құдай өзіңе жар болсын! Сен халқыңның Құдай алдында тұратын өкілі болып, даулы мәселелерді Оған ұсын. Мұсаның қайын атасы мадияндық Рәгуелдің ұлы Хобаб та сол жерде еді. Мұса (балдызы) Хобабқа былай деді:— Жаратқан Иенің бізге табыстауға сөз берген еліне қарай бара жатырмыз. Сол елге бізбен бірге жүрсеңші. Жаратқан Ие Исраилге игіліктерді уәде етті. Біз де саған жақсылық жасайтын боламыз. — Хобаб оған:— Жоқ, бармаймын. Мен өз еліме, өз жұртыма қайтып оралмақшымын, — деп жауап қатты. Ал Мұса:— Өтінемін, бізді тастай көрме. Елсіз далада тұрақтауға болатын жерлерді жақсы білесің ғой. Біздің көзіміз іспетті жол бастаушымыз болсаңшы. Егер бізбен бірге жүрсең, Жаратқан Иенің бізге сыйлайтын игіліктерін сенімен де бөлісеміз, — деді. Яһуда руы және Мұсаның кендік қайын атасының ұрпақтары «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихоннан шығып, Арад қаласының оңтүстігінде жатқан Яһуданың елсіз даласына көшті де, сондағы халықтың арасына қоныстанды. Мұса пайғамбардың балдызы Хобабтың бір ұрпағы — кендік Хебер есімді кісі бар болатын. Сол кезде Хебер басқа кендіктерден бөлініп, Кедестің маңындағы Сананымдағы дәу емен ағашының маңында қос тігіп, тұрып жатқан еді. Анхұс: «Бүгін еш жаққа шабуылға шыққан жоқсыңдар ма?» — деп сұраса, Дәуіт Яһуданың, Ерахмел әулетінің я болмаса Кен тайпасының оңтүстік жағына аттанғандары туралы айтатын.
Выбор основного перевода