Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайларың Жаратқан Ие өздерің кіріп, иемденейін деп жатқан елдегі халықтарды алдарыңнан аластатып, сендер оларды елден қуып шығып, сонда қоныстанып алғандарыңнан кейін, өздерің азғырылып қалмаңдар! Солардың жалған тәңірлеріне ынтығып, «Осы халықтар өз тәңірлеріне қалай ғана құлшылық етті екен? Біз де солай істейікші!» деп олардың торына түсіп қалып жүрмеңдер! Сендер Құдайларың Жаратқан Иеге олардан үйренген жолдармен табынушы болмаңдар! Себебі сол халықтар жалған тәңірлеріне табынған кезде Жаратқан Иеге жексұрын да жиренішті нәрселердің әр түрін жасайды. Олар сол тәңірлеріне арнап тіпті ұл-қыздарын да құрбан етіп өртеп жібереді.
Выбор основного перевода