Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адам Жаратқан Иеге өртелу арқылы жасалатын бұл тартуын, яғни малдың ішмайын, өз қолымен ұсынуы керек: ол малдың ішмайы мен төсін әкеліп, төсті Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынылатын тарту ретінде Оған бағыштасын. Діни қызметкер ішмайды құрбандық үстелінде өртесін, ал төс Һарон мен оның ұлдарына тиесілі болады. Жаратқан Иемен қарым-қатынасыңа ризашылығыңды білдіретін құрбандығың ретінде шалынған малыңның оң жақ сан етін діни қызметкерге көтеріп ұсынылатын тарту ретінде бер. Осы оң жақ сан еті құрбандықтың қанын бүркіп, майын өртеп ұсынған діни қызметкердің сыбағасы болып табылады. Мен исраилдіктердің Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарынан малдардың әрі-бері тербеп ұсынылған төсін және көтеріп ұсынылған сан етін діни қызметкер Һаронға және оның ұқпақтарына мәңгілік сыбаға етіп тағайындадым.
Выбор основного перевода