Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе? — деп сұратты. Жұрттың бәрін үрей биледі. Олар: «Арамыздан ұлы Пайғамбар шықты!» «Құдай өз халқына игілік істеуге келді!» — деп Құдайды мадақтады. Олар:— Онда сен кімсің? (Мәсіхтен бұрын қайтып келуге тиісті) Ілияс пайғамбарсың ба? — деп сұрады. Жақия:— Жоқ, ол емеспін, — деді.— Мүмкін, сен (Мұса Құдай жібереді деген) пайғамбар шығарсың? — Жақия:— Жоқ, — деп жауап қатты. Исаның сөзін естіген кейбіреулер:— Шынында да Бұл — келуге тиісті Пайғамбар! — деді. Мұса ата-бабаларымызға былай деген еді ғой: «Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір Пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарының бәрін тыңдаңдар! Кейін Исраилдің үрім-бұтағына: «Құдай сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады» деген кісі де осы Мұса еді.
Выбор основного перевода