Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патша Иерусалимнің халқына сый-тартулардың діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиісті бөліктерін әрдайым беріп тұруға жарлық шығарды. Осылай діни қызметкерлер мен леуіліктер бар ынтасын Жаратқан Иенің Таурат заңын үйретіп, орындауға арнайтын болды. Сол күні бірнеше адам арнайы қойма бөлмелерінің басқарушысы болып тағайындалды. Сол бөлмелерге сый-тартулар, алғашқы өнім және өнімнің он бөлігінің бірі қойылып сақталады. Осылайша қалаларға жататын егістіктерден түскен өнімнің Таурат заңындағы нұсқау бойынша діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиесілі бөліктері сол қоймаларға әкелініп жиналады. Себебі Яһуданың халқы діни қызметкерлер мен леуіліктердің қызмет жасап жүргеніне риза болып қуанды.
Выбор основного перевода