Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұсадан:— Бізбен өзіңіз сөйлесіңіз, ал біз тыңдайтын боламыз. Құдай бізбен тікелей тілдесе көрмесін, әйтпесе құрып кетерміз, — деп өтінді. Тау от болып жанып жатқан кезде сендер қараңғылық ішінен дауысты естігенде, барлық рубасыларың мен ақсақалдарың маған жақындап келіп, былай деді: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге Өзінің нұрлы салтанаты мен ұлылығын көрсетті, от ішінен Оның даусын естідік. Бүгін біз Құдай адаммен тілдескенде адамның тірі қала алатынын да көрдік. Ал енді, біз неге өлуге тиіспіз? Мына жалындаған от бізді жалмағалы тұр. Егер Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай ести берсек, онда құрып кетерміз. Мәңгі тірі Құдайдың дауысын от ішінен біз естігендей естіп, тірі қалған пенде бар ма? Сіз өзіңіз Құдай Иемізге жақындап барып, Оның айтқандарын тыңдаңызшы. Содан кейін Құдайымыз Жаратқан Иенің өзіңізге білдіргендерінің бәрін бізге жеткізіңіз. Соларды тыңдап, орындайтын боламыз».
Выбор основного перевода