Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Мен халқымды мысырлықтардың қолынан азат ету үшін көктен түстім. Оларды Мысырдан алып шығып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған елге бастап алып барамын. Сол елдің жері шұрайлы, кең-байтақ, ағы мен балы ағыл-тегіл мол. Жаратқан Иенің мен сендерге бүгін тапсырып отырған ережелері мен өсиеттерін орындайтын болыңдар! Сонда өздеріңе және кейінгі ұрпақтарыңа игі болып, Құдай Иеміз сендерге ұзақ ғасырларға табыстамақ елде көп жасайтын боласыңдар. Ендеше осы елді иемденулерің сендердің ерекше әділдіктеріңе яки ізгі қасиеттеріңе бола емес. Қайта, сол халықтардың зұлымдықтарына бола Құдайларың Жаратқан Ие оларды алдарыңнан қуып шығады. Осылайша Ол ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа антпен берген уәдесін жүзеге асырады.
Выбор основного перевода