Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен мезгілінде жаңбыр жаудырамын, сонда жер өнімін, ағаштар жемісін береді. өздерің жинамаған әр алуан жақсы заттарға толы үйлерді, өздерің қазбаған құдықтарды, өздерің отырғызбаған жүзімдіктер мен зәйтүн ағаштарын табыстайды. Ал сендер ішіп-жеп, тойған кезде Жаратқан Ие Өзінің «игілікті қазынасын», яғни «аспанның қақпаларын», ашып, еліңе мезгілінде жаңбыр жаудырып, қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады.Сендер көп халықтарға қарыз беріп, өздерің ешқайсысынан қарыз алмайсыңдар. Топырақтан мал азығына шөп өсіресің,Адамға ас болуға дақылдар еккізесің, Иә, Иеміз оларға жауап қатып былай дейді:— Мен сендерге астық, жүзім шырынын және зәйтүн майын жіберемін, сендер соларға тойынасыңдар. Бұдан былай Мен сендерді басқа халықтарға мазақтатып қоймаймын! Сендер де, уа, Сион халқы, Құдайларың Жаратқан Иеге қуанып, шат-шадыман болыңдар! Өйткені Ол сендерді ақтағанының белгісі ретінде күзгі жаңбырды жаудырды. Бұдан былай Ол бұрынғысынша күзгі және көктемгі жаңбырларды уақытында жіберетін болады.
Выбор основного перевода