Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Айналаларыңдағы тұрып жатқан ұлттар табынатын жалған тәңірлердің жолдарымен жүрмеңдер! Ал егер болашақта Құдайларың Жаратқан Иеден бас тартып, бөгде тәңірлердің жолына түсіп, оларға иіліп құлшылық етсеңдер, сендер міндетті түрде құрисыңдар. Мен мұны бүгін сендерге байыппен ескертемін. Араларыңда ешқашан бірде-бір еркек не әйел, әулет не ру Құдайымыз Жаратқан Иеден бас тартып, өзге халықтардың жалған тәңірлеріне құлшылық етуге бет бұрмасын! Ондай әрекет көктеп, қаулап өсіп, ащы да улы жеміс беретін тамырға ұқсап, бақытсыздық пен апат әкелмек.
Выбор основного перевода