Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар! Себебі сендер Хориб тауының етегінде жиналған кезде: «Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай естімейік, осы жалындаған зор отты тағы да көрмейік, әйтпесе өліп қалармыз!» деген кезде Құдай Иеден осыны өтінген едіңдер. Сонда Жаратқан Ие маған былай деді: «Олардың айтқандары дұрыс. Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын. Бірақ бір пайғамбар Өзім оған айтуға бұйрық бермеген хабарды халыққа Менің атымнан жеткізсе, немесе бөтен тәңірлердің атынан сөйлесе, ондай (жалған) пайғамбарды өлтіруге тиіссіңдер». Сендер іштей: «Жаратқан Ие айтпаған сөзді қалай білеміз?» деулерің мүмкін. (Мынаны ұмытпаңдар): егер осы пайғамбардың Жаратқан Иенің атымен айтқаны рас болмай жүзеге аспаса, онда бұл хабар Жаратқан Иеден емес. Қайта, бұл пайғамбардың асқақтықпен айтқан өз сөзі. Ондайдан қорықпаңдар.
Выбор основного перевода