Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Леуі руының Қахат тармағының адамы Ысқар ұлы Қорах және Рубен руынан шыққан Елияптың екі ұлы Датан мен Абирон әрі Пелет ұлы Ауон өзара сыбайласып, Мұса осы сөздерді айтып бола салысымен, сол адамдардың аяқ астындағы жер қақ айырылды. Осылай жер аранын ашып, Қорахтың бүкіл тобын үй іштерімен бірге, барлық дүние-мүлкімен қоса жұтып қойды. Олар өздеріндегі барымен бірге тірідей тұңғиыққа түсіп кетті. Содан соң жер жабылып, олар жамағаттың арасынан біржола құрып жойылды. Сонда жер жарылып, Датанды жұтып қойды,Абиронның тобын да көміп тастады.
Выбор основного перевода