Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Второзаконие
Параллельные места
Мұса қайын атасы — мадияндық діни қызметкер Етордың ұсақ малдарын бағып жүрді. Бір күні ол отарын айдаланың алыс түкпіріне, Құдайдың тауы деп те аталатын Хориб тауына айдап барды. Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. Сол екінші жылдың екінші айының жиырмасыншы күні Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың үстіндегі бұлт жоғары көтеріліп, алға жылжи бастады. Сонда исраилдіктер Синай атты елсіз даладан шығып, бұлт жылжи Паран даласына келіп тоқтағанша көштерін жалғастырды.
Второзаконие
Выбор основного перевода