Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Второзаконие
Параллельные места
Олар елге Негев арқылы еніп, Хеброн қаласына жетті. Онда Анақтың ұрпақтары Ахиман, Шешай, Талмай деген алыптар тұратын. Ал Хеброн Мысырдағы Соған қаласынан жеті жыл бұрын салынған қала. Мұнан кейін олар Ешқол аңғарына барып, онда жүзім бұтасынан шоғы бар бір сабағын кесіп алып, оны ағаш бақанға іліп, екеулеп көтеріп кетті. Сонымен бірге олар анар, інжір жемістерінен де ала жүрді. Сол жер исраилдік барлаушылардың кесіп алған жүзім шоғына бола Ешқол (демек, жүзім шоғы) аңғары деп аталып кетті. Жіберілгендер қырық күн бойы елді барлап болғаннан кейін қоныстарына қайта оралды. Олар Паран даласындағы Қадеште жиналып тұрған Мұса мен Һаронның және Исраил халқының бүкіл жамағатының алдында өздерінің көріп-біліп келгендерін айтып беріп, алып келген жемістерін де көрсетті. Барлаушылар Мұсаға баяндап былай деді:— Біз сіз жіберген елге барып келдік. Онда шынында да ағы мен балы молынан ағып жатыр екен. Міне, мыналар — сол елде өсетін жемістер.
Второзаконие
Выбор основного перевода