Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Второзаконие
Параллельные места
Сол үшін де сөздеріме құлақ сал, саған ақыл-кеңес берейін, Құдай өзіңе жар болсын! Сен халқыңның Құдай алдында тұратын өкілі болып, даулы мәселелерді Оған ұсын. Еліңе Құдайдың ережелері мен заңдарын үйретіп, олардың жүруге тиісті тура жолын және атқаруға тиісті міндеттерін нұсқа. Сонымен қатар бүкіл халықтың арасынан қабілетті бірсыпыра адамды таңдап ал. Олар Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет. Солар мың, жүз, елу және он адамға басшылық жасап, әрдайым халыққа төрелік етсін. Осы төрешілер бүкіл күрделі мәселелерді саған жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Сонда олар міндетіңнің жүгін бірге көтерісіп, саған жеңілірек болады. Егер осыны істесең және Құдай бұйыртса, сен міндетіңнің қиындығына төтеп беріп, бұл халық та аманшылықпен жөндеріне кетеді. Мұса қайын атасының ақылын қабыл алып, айтқандарын түгел орындады. Ол бүкіл Исраил қауымынан қабілетті адамдарды таңдап, оларды мың, жүз, елу және он адамға басшылық етуге тағайындады. Осы адамдар әрдайым халыққа төрелік етіп, күрделі мәселелерді Мұсаға жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырды. Көпшілікке еріп те зұлымдық жасама! Даулы мәселеге куәлік келтіргенде көпшіліктің ықпалымен шындықты бұрмалама! Кедейдің де қисық ісін дауда қолдама! Сотта әділдікті бұрмалама! Не кедейге орынсыз жеңілдік жасамай, не байға орынсыз құрмет көрсетпей, адамдарды соттағанда әділ бол! Не әділдікті бұрмалаушы, не адамның бет-жүзіне қараушы, не пара алушы болмаңдар! Пара деген дананың көзін соқыр қылып, әділдің іс-әрекетін бұрмалайды. Даналар мына нақылдарды да қалдырған.Адамды алалау сот ісінде,Бұл — нағыз әділетсіз нәрсе. Бауырластарым менің, сендер салтанатты ұлылыққа бөленген Иеміз Иса Мәсіхке сенгендіктен, адамдарды сыртына қарап алаламаңдар! Сендер әр адамды бет-жүзіне қарамай әділ соттайтын Құдайға «Әкем» деп сиынасыңдар. Ендеше жер бетінде жат жерлік болып сүретін өмірлеріңді Оны терең қастерлеп, Оған ұнамайтынды істеуден шошынып өткізіңдер!
Второзаконие
Выбор основного перевода