Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Второзаконие
Параллельные места
Сонда Мұса көмекшісі Ешуамен бірге тауға көтерілді. Ал Мұсаның өзі ғана Құдай тауының басына шықты. Мен өздеріңді қоныстандыруға ант еткен сол елге Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа екеуінен басқа сендердің ешқайсыларың кірмейсіңдер! Бұдан кейін Мұса Ешуаны шақырып алып, бүкіл Исраил халқының алдында оған былай деді: «Қайратты да батыл бол! Себебі сен осы халықты ертіп Жаратқан Ие оларға сыйлауға ата-бабаларына уәде еткен елге кіресің. Сол елді оларға мұралық меншікке үлестіріп беруге тиіссің. Мұнан кейін Жаратқан Ие Нұн ұлы Ешуаға бұйрық беріп былай деді: «Қайратты да батыл бол! Өйткені исраилдіктерді Мен оларға антпен уәде еткен елге бастап алып кіресің. Мен Өзім сенімен бірге жүріп жар боламын».
Второзаконие
Выбор основного перевода