Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Второзаконие
Параллельные места
Бірақ келесі күні ертемен олар таулы елге қарай өрлеп баруға дайындалып:— Иә, күнә жасадық, мойындаймыз! Енді Жаратқан Иенің айтқан жеріне өрлеп барамыз! — десті. Мұса оларға былай деп басу айтты:— Неге қайтадан Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығасыңдар? Осылай табысты болмайсыңдар! Таулы жерге қарай өрлеп бармаңдар, өйткені Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болмайды. Сонда жауларыңнан жеңіліп күйрейсіңдер. Амалектіктер мен қанахандықтар сендерге сол жерде қарсы шығады. Сендер Жаратқан Иеден теріс бұрылып кеткендіктен, Ол араларыңда бірге болмай, сендер семсердің жүзінен қырыласыңдар. Алайда олар өркөкіректеніп, таулы жерге қарай өрлеп шығуға бәрібір ұмтылды. Ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы және Мұса пайғамбар қоныстан шықпады. Сонда таулы жерде тұратын амалектіктер мен қанахандықтар төмен түсіп, исраилдіктерге тап беріп, оларды Хормаға дейін қуып талқандады. Айналамда олар арадай құжынады,Бірақ жанған бұтадай тез өшіп қалды,Жаратқанның атымен құрттым оларды.
Второзаконие
Выбор основного перевода