Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті,Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы,Берік қорған да жоқ Құдайымыз сияқты! Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтынСаған кім тең келер, уа, Жаратқаным?» Біздің Құдайымызға ән айтыңдар,Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,Бұлттармен жүретін Оны мадақтаңдар,Жаратқан Ие — Оның аты, біліп алыңдар,Көз алдында шат-шадыман болыңдар. Әділдігің Сенің заңғар аспандай,Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай,Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай? Жолдарың Сенің, уа, Құдай, қасиетті,Өзіңдей тәңір бар ма құдіретті? Аттылының аузынан шығып тұрған, халықтарды шауып тастайтын өткір семсері бар екен. Ол халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады. Жүзімді қысып таптағанда шырынының ағып шығатыны сияқты, Ол құдіреті шексіз Құдайдың қаһарлы ашуын Оған мойынсұнбағандардың үстеріне төккізеді.
Выбор основного перевода