Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұлардан кейін перғауынға былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраил Менің ұлым — тұңғышым іспетті. Халықтың шелектерінен су мол ағады,Сепкен тұқымдарына ылғал мол барады,Оның патшасы Агагтан да үстем болады,Иә, патшалығының даңқы тым асады. Паш етейін Жаратқанның жарлығын:«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)Мен бүгінгі күні Әке болдым саған. Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді. Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді. Ол — жаратылыс атаулының бәрінен жоғары. Мәсіх — сенушілер қауымының, яғни Өзінің рухани денесінің, Басы әрі оның өмірінің Бастауы. Ол — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы да. Сондықтан барлық жағынан да Оның жолы үлкен. және шынайы хабарды адал жеткізген Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы, әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі.Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты, Аттылының жамылғысының екі жанында: «Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі» деген атағы да жазылған.
Выбор основного перевода