Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін Жаратқан Ие Самуилге:— Сен Саул үшін қашанғы қайғыра бермексің? Мен оның Исраил патшасы болуынан бас тарттым. Бір құтыны хош иісті майға толтырып алып, бетлехемдік Есейге бар. Оның ұлдарының ішінен біреуін патша етуге таңдап алдым, — деп бұйырды. Есей кісі жіберіп, ұлын алдыртты. Ол беті албырап, көздері жайнап тұрған, келбетті жігіт екен. Жаратқан Ие Самуилге: «Тұр, бұл — сол. Оған май жағу рәсімін жаса!» — деп бұйырды. Самуил алып келген құтысын қолға алып, Дәуітке ағаларының көзінше май жағу рәсімін орындады. Сол күннен бастап Жаратқан Иенің Рухы Дәуітке қонды. Мұнан кейін Самуил Рамаққа қайтып кетті. Кейін оны тақтан түсіріп, халыққа Дәуіт пайғамбарды патшалыққа тағайындады. Құдай ол туралы мына тәрізді сөздер айтты: Мен көңілімнен шыққан адамды тауып алдым, ол — Есей ұлы Дәуіт. Сол Менің қалағанымның бәрін орындайтын болады.
Выбор основного перевода