Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. Жаратқан тірі! Құздай қорғаушым мақталсын,Құтқарушы Құдайым лайым даңқталсын! Менің есіміме арнап киелі үйді сол салады. Мен оған Әке, ал ол Менің рухани ұлым болады. Мен оның Исраил елінің үстінен патшалық құратын тағын мәңгілікке нығайтамын». Паш етейін Жаратқанның жарлығын:«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)Мен бүгінгі күні Әке болдым саған. Себебі Құдай періштелердің ешқайсысына да былай деп айтқан емес: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күн Әке болдым Саған». Және: «Мен Оған Әке боламын, ал Ол Менің рухани Ұлым болады».
Выбор основного перевода