Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан, бәрін қорқыныш билеп, үрей басады,Меншікті халқың өтіп шыққанша жерлерінен,Зәрелері ұшады қолыңның құдіретінен,Тастай қатып тыныш отыр олар сол себептен. Жаратқанның жасаған жақсылықтарынаЖауап беретін жолдарың осы ма?!О, халық-ау, ақымақ та, ақылсыз да,Ол сені жаратып, қалыптастырғанӘкең емес пе, әрі бекітіп қойған? Сионда тұратын Жаратқанға ән шырқаңдар,Оның ғажап істерін бар ұлттарға айтыңдар! Құдай жаратқан керемет — Башан тауы,Шыңдары заңғар биік — Башан тауы. Зәулім шыңдар, қызғанасыңдар не үшінҚұдай тұруға таңдап алған Сион тауын,Жаратқан Иенің мәңгі мекендейтін тауын? Құдіретіңмен халқыңды құтқардың:Жақып пен Жүсіптің осы ұрпақтарын. Олар азап шеккен кездің бәріндеЖаратқан Ие бірге азап шекті,Өзінің қасындағы періштесіТаңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді.Құдайымыз сүйіспеншілігіменЖәне мол қайырымдылығыменХалқын құтқарып алып, бүкіл өткенЗаманда Қамқоршысы болып келген. Уа, Жаратқан Ие, бізге неліктенЖолыңнан тайып кетуге жол бердің?Неге жүрегіміздің қасарысып,Өзіңді сыйламауына жол бердің?Қайтып келе гөр қызметшілеріңнің,Меншікті руларыңның, мүддесі үшін! Сонда Жаратқан Ие Сионнан ақырып, Иерусалимнен дауысын шығарады. Сол кезде аспан мен жер шайқалады. Бірақ Жаратқан Ие — өз халқының бас сауғалайтын панасы, Исраилдің үрім-бұтағының қамал іспетті берік қорғаушысы! (Асафтың жыры.)Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттарСенің меншікті еліңді басып, оларСенің киелі үйіңді арамдады,Иерусалимді қиратып, талқандады. Олар ежелгі заманда қиратылған мекенжайларды қайтадан салып, ежелгі ұрпақтардың талқандалып, қаңырап бос қалған қала-қыстақтарын жаңадан тұрғызып қалыпқа келтіреді.
Выбор основного перевода