Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие мұндай зұлым адамды ешқашан да кешірмейді. Қайта, Оны сол кезде-ақ ашу кернеп, лаулаған қаһары сондай күнәкардың басына төгіледі. Осы кітапта жазылған қарғыстардың бәрі де оған тиіп, Жаратқан Ие оның атын аспан астындағылардың тізімінен өшіріп тастайды. Ал қазір бізді тастап, ұятқа қалдырдың,Сен жасағымызбен бірге аттанбадың, Уа, Жаратқан, неге «жатырсың ұйқыда»?«Серпіліп», бас көтере гөр бізді қорғауға,Бізден бас тарта көрмеші біржолата! Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымызӘрі қамқорындағы отары сияқтымыз.Бүгін сендер Оның даусын естігенде, Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп:Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз,Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз». «Халқымның билеушілері Менің «отарымдағы қойларды бағатын бақташылар» іспетті. Сол «бақташылар» қасіретке қалады! Өйткені олар бағуға тиістілерді өздері құртып, бытыратып қуып жатыр!» — дейді Жаратқан Ие. «Осылайша сендер Менің жайылымымда бағып жүрген «отарым» — адамдарымсыңдар, ал Мен сендердің Құдайларыңмын!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода