Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Мысырға қолымды созып, ел ішінен Исраил халқын алып кеткенімде, мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Мұса мен Һарон бұларды мұқият орындап, Жаратқан Иенің өздеріне бұйырғанындай істеді. Содан кейін Мұса қолын көтеріп, жартасты екі рет таяғымен соғып қалды. Сонда одан су молынан сарқырап аға жөнелді. Бүкіл жамағат та, малдары да ішіп, шөлдерін қандырды. Сонда бүкіл әлемнің Иесі — Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп келе жатқан діни қызметкерлердің аяқтары Иордан өзенінің суына түсісімен, өзеннің жоғарғы жақтан ағып келе жатқан суы бөгеліп, бір жерге жиылып тұра қалады». Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендер Иордан өзенінен өткенше оның суын көздеріңнің алдында құрғатып қойды. Ол бұрын біз Қамысты теңізден өтіп болғанша оның суын да дәл солай құрғата тұрған еді. Жартасты жарып, содан су ағызды,Су шөлді жерлермен өзендей сарқырады. Ежелде Жаратқан Ие (Мысырдың езгісінен) құтқарған халқын айдала арқылы жетелеп алып жүргенде олар шөлдемеді: Өзі солар үшін жартастан су ағызды. Жаратқан Ие құзды қақ жарғанда су сарқырай жөнелді. (Осы кезде де Тәңір Ие отанына қайтуға шақырған өз халқына кереметпен қамқорлық жасайтын болады.) Сонда Сен теңіздің суын құрғатыпТүпсіз тұңғиығынан бір жол аштың,Халқыңды жаудың қолынан құтқарыпСол жолмен арғы жаққа алып шықтың!
Выбор основного перевода