Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жердің бар байлары тойына қатыспақ,Жаратқанның аяғына жығылып сиынбақ,О дүниеге аттанатын жандар —Өмірі өткінші бүкіл адамдарОның алдында тізерлеп иілмек. Алып хайуанның бастарын мыжыдың,Өлігін жыртқыш аңдарға жем қылдырдың, Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!» Сол дұшпандар жыландай, жерде бауырымен жорғалайтын мақұлықтай шаң-тозаң жалап, өз бекіністерінен діріл қағып шығатын болады. Уа, Құдайымыз Жаратқан Ие, олар Саған қорқынышпен бет бұрып, алдыңда үрейленіп, Сені терең қастерлейтін болады».
Выбор основного перевода